ZaQ
WHY’M
Mátin (Latyn) | Мәтін (Латын) | Lyrics (Latin)

[Shýmaq 1: ALEM]
Keýdemde tolqyn, al aınalamda: tuńǵıyq saı men
Kórinis aıǵa, muńǵa uqsaıtyn kúlgin bult
Sen dym deme, ózime solaı yńǵaıly
Al ázirge jaı ún bola salaıyn, kimge qosylaıyn, kimmen án salaıyn?

[Aldyńǵy Qaıyrma: BALA]
Ótse de ýaıym, ketpeıdi muń
Ótse de ýaıym, ketpeıdi muń
Ómir bizdi bylaı-bylaı-bylaı-bylaı-bylaı
Kelgen kezde ýaıym ýaıym ýaıym ýaıym
(Ýaıym ýaıym ýaıym)

[Qaıyrmasy: ACE]
Súı! Bil! Kór de qateles! Dym ýaıymdama!
Jıi suraqtardyń jaýabyn biz aldyn-ala bilemiz, aldyn-ala sen!
Súı! Bil! Kór de qateles! Dym ýaıymdama!
Jıi suraqtardyń jaýabyn biz aldyn-ala bilemiz, aldyn-ala sen!

[Shýmaq 2: A.Z]
Keshe túnde jaımen sóılesip edim aımen
Sen maǵan: "jyndysyń ba?" -deseń, saǵan "ıá" deımin
Aınalanyń bári menengıt
Bárin aıtyp - kórsetýge menen gıd shyqpaıdy
Sol úshin men jylaımyn deımin
Jylaımyn deımin, jylaımyn deımin!
Tura-turshy men jaman adammyn ba, jaqsy adammyn ba?
(Deıtin suraqqa men jaýap bere almaımyn)
Endigide bárin búıtip jańadan bastaıyn
Jerge shashylyp qulaıyn, sosyn qaıta jınalaıyn
Meniń basty qarsylasym ol men
Jaqynda ony kómemin óz qolymmen
Oǵan deıin ómirime qol suqpash
Tap-taza jeńińdi olaı búldirmeń
[Qaıyrmasy: BALA]
Súı! Bil! Kór de qateles! Dym ýaıymdama, ýaıymdama!
Jıi suraqtardyń jaýabyn biz aldyn-ala bilemiz, aldyn-ala sen!

[Bridge: ZaQ]
Mynaý tynyshtyq dep atalady, mynaý
Mynaý tynyshtyq dep atalady
Basyńda jel bolsa
Tynyshtyq dep atalady
Biraz adamǵa kerek zat

[Qaıyrmasy: ACE]
Dym ýaıymdama!
Jıi suraqtardyń jaýabyn biz aldyn-ala bilemiz, aldyn-ala sen!
Súı! Bil! Kór de qateles! Dym ýaıymdama!
Jıi suraqtardyń jaýabyn biz aldyn-ala bilemiz, aldyn-ala sen!

Mátin (Kırıl) | Мәтін (Кирил) | Lyrics (Cyrillic)

[Шумақ 1: ALEM]
Кеудемде толқын, ал айналамда: тұңғиық сай мен
Көрініс айға, мұңға ұқсайтын күлгін бұлт
Сен дым деме, өзіме солай ыңғайлы
Ал әзірге жай үн бола салайын, кімге қосылайын, кіммен ән салайын?

[Алдыңғы Қайырма: BALA]
Өтсе де уайым, кетпейді мұң
Өтсе де уайым, кетпейді мұң
Өмір бізді былай-былай-былай-былай-былай
Келген кезде уайым уайым уайым уайым
(Уайым уайым уайым)
[Қайырмасы: ACE]
Сүй! Біл! Көр де қателес! Дым уайымдама!
Жиі сұрақтардың жауабын біз алдын-ала білеміз, алдын-ала сен!
Сүй! Біл! Көр де қателес! Дым уайымдама!
Жиі сұрақтардың жауабын біз алдын-ала білеміз, алдын-ала сен!

[Шумақ 2: A.Z]
Кеше түнде жаймен сөйлесіп едім аймен
Сен маған: "жындысың ба?" -десең, саған "иә" деймін
Айналаның бәрі мененгит
Бәрін айтып-көрсетуге менен гид шықпайды
Сол үшін мен жылаймын деймін
Жылаймын деймін, жылаймын деймін!
Тұра-тұршы мен жаман адаммын ба, жақсы адаммын ба?
(Дейтін сұраққа мен жауап бере алмаймын)
Ендігіде бәрін бүйтіп жаңадан бастайын
Жерге шашылып құлайын, сосын қайта жиналайын
Менің басты қарсыласым ол мен
Жақында оны көмемін өз қолыммен
Оған дейін өміріме қол сұқпаш
Тап-таза жеңіңді олай бүлдірмең

[Қайырмасы: BALA]
Сүй! Біл! Көр де қателес! Дым уайымдама, уайымдама!
Жиі сұрақтардың жауабын біз алдын-ала білеміз, алдын-ала сен!
[Bridge: ZaQ]
Мынау тыныштық деп аталады, мынау
Мынау тыныштық деп аталады
Басыңда жел болса
Тыныштық деп аталады
Біраз адамға керек зат

[Қайырмасы: ACE]
Дым уайымдама!
Жиі сұрақтардың жауабын біз алдын-ала білеміз, алдын-ала сен!
Сүй! Біл! Көр де қателес! Дым уайымдама!
Жиі сұрақтардың жауабын біз алдын-ала білеміз, алдын-ала сен!